jasqazaq.kz

«Қорғас» шекара бекеті уақытша жабылмақ

17 қантар 2020, 22:30

 

Алдағы аптада Қытай Қазақстанмен арадағы шекарада орналасқан өткізу бекеттерін уақытша жабады.Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, көрші елдің Қазақстанмен шекараны уақытша жабуы Қытай халқының Жаңа жыл мейрамын атап өтуіне байланысты екен.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытай тарапынан 22 қаңтардан 2 ақпанға дейін шекара жабық болады. Қалған «Нұр жолы», «Қалжат» өткізу пунктері 24 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында, үш күнге жабылады», — деп мәлімдеді Sputnik Қазақстанға ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
Басқа өткізу пунктері бойынша Қытай тарапы әлі ақпарат бермеген.

Айта кетейік, биыл қытайлықтар Жаңа жылды 25 қаңтарда атап өтеді.

Шығыс күнтізбесі бойынша Қытай жаңа жылының нақты күні жоқ, сондықтан әр жылда әртүрлі күндері тойланады. Қытайлар Жаңа жылды айға қарап біледі, яғни, жылдың алғашқы айындағы бірінші толған ай түні Қытай халқының Жаңа жылы басталады.

Бұл елдегі жаңа жыл он бес күнге созылады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия