jasqazaq.kz

«Қорғас» қоймасына бір топ адам басып кірді (видео)

01 тамыз 2019, 16:02

Бір топ адам «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының заттарды сақтайтын қоймасын бұзып кірді.

Бұл туралы видеоны куәгерлер Instagram әлеуметтік желісіне жариялады.

«Қойманың сырты қоршалған. Ішінен де құлыптаулы. Кіреберісте адамдар жиналып, бірінен соң бірі қоршауды бұзып кірді. Бірақ арғы жағында күзетшілер мен полиция қызметкерлері адамдарды жібермей тұрғанымен ешкім дес берер емес. Жиналғандардың ішінде үлкендермен бірге балалар да бар. Ашуланған жұрт қоршауды бұзып кіріп, қоймаға барып жатыр. Бұл жерге кедендік тексерісте қалған заттар сақталады. Сол жерлердің қызметкерлері кеденде ұмытылып қалған жүктерді иесін тапқанша уақытша сақтау орнына осында әкеледі. Кеше қызметкерлер сондай он тонна тауарды әкелген», – делінген видеоның астындағы жазбада.

Алматы облысының полиция департаменті Қорғаста болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, жағдайдың тынышталғанын хабарлады.

«Қазір қажетті шаралар қабылдануда. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мен прокурорлар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жағдай түзелді», – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от СЕРДИТЫЙ ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@angry_taldyk)

Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде