jasqazaq.kz

«Қорғас ісі» бойынша Швейцариядан 140 млн теңге қайтарылды

03 мамыр 2019, 17:52

140 миллоннан астам теңгені қазақстандық прокурорлар «Қорғас ісі» бойынша Швейцариядан қайтарып алды деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Еліміздегі бас қадағалау органының мәліметіне сәйкес, 2019 жылы 15 қаңтарда Швейцарияның федералды қылмыстық соты Қазақстанның бас прокуратурасының өтінішхатын қанағаттандырып, «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері заңсыз жолмен алған және кейіннен елден тыс әкеткен 140 миллион теңгені қайтару туралы шешім қабылдады.

Аталған қаржы топтың белсенді мүшелерінің бірі, 2012 жылдан бастап осы іске қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздестіруде болған Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі.

«Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Швейцариядан Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шотына түскен ақша жақын арада мемлекет кірісіне алынады», — деді Бас прокуратура.
Еске сала кетсек, өткен жылдың сәуірінде прокуратура органдарының осы іс шеңберіндегі өтінішхаты бойынша мемлекет пайдасына Мағзұм Әбдіралиевтің 762 мың АҚШ доллары мен 915 мың теңге қылмыстық табысы тәркіленген болатын.

Осылайша, ұрланған активтерді қайтару бойынша жасалған жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік бюджетке түскен қаражаттың жалпы сомасы 420 миллион теңгені құрады.

«Қазақстанның Бас прокуратурасы шетелдік әріптестерімен бірлесіп, қылмыстық табыстарды шетелден қайтаруға бағытталған жұмыстарды жалғастырады», — деді ведомство.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда