jasqazaq.kz

«Қорғас» 15 ақпанға дейін жабылады

27 қантар 2020, 17:30

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы 15 ақпанға дейін жабылады. Бұл туралы Алматы облыстық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы қытайлық коронавирустың алдын алу мақсатында 15 ақпанға дейін жабылады.

«Алматы облысында ҚХР-мен алты шекара пункті бар. Бүгін өңір басшысының тапсырмасымен Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов барлық шекара пунктерін тексерді. Сонымен қатар, әкім орынбасары ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңес хаттамасының тармақтарына ерекше назар аударды», — делінген хабарламада.
Мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауы күшейтілген. Стационарлық тепловизорлармен жабдықталған медициналық қызметкерлер іссапарға жіберілді, обаға қарсы костюмдер, оқшаулағыштар бар. Алакөл, Ұйғыр және Панфилов аудандарының орталық аудандық ауруханаларында науқастар түскен жағдайда қосымша резервтік төсек орын қойылды.
«Соңғы жағдайларға байланысты Алматы облысының басшылығы Үкіметке «Қорғас» ШЫХО-ны уақытша жабу туралы бастамамен шықты. Премьер-министр бұл ұсынысты қолдады. Бұл жерде тек Қазақстан тарапынан күніне келушілер саны 3,5 мың адамға жетеді. Қытай тарапынан — жеті мыңға дейін. Осыған байланысты «Қорғас» ШЫХО 15 ақпанға дейін жабылады. Қажет болған жағдайда мерзімдер ұзартылатын болады. Қытай тарапы түсіністікпен қарап отыр», — деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Байжұманов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия