
Қазақстан қарулы күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы полковник Асылбек Сатвалдинов ұсталды. Ақпаратты қорғаныс министрлігі растады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Министрлік ақпаратты растай отырып, оқиғаның мән-жайын түсіндіруден бас тартты.
«2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау органдары Қазақстан қарулы күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қару-жарақ бастығы полковник Асылбек Сатвалдинов ұстады. Тергеу мүдделеріне қатысты қалған ақпарат жария етуге жатпайды», — деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.