jasqazaq.kz

Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры 5 жылға сотталды

20 желтоқсан 2020, 13:27

ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Қайрат Көпбаев пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-аккаунтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, генерал-майорға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

«2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қаласындағы «Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты» РММ-ға офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды. Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте өмір бойына лауазым атқару құқығынан және 5 жылға бас бостандығынан айырылды», — делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен бірге, сот Қазақстан Республикасы Президентінің атына Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізген. Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры пара алды деген күдікпен ұсталғанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы жылдың 4 ақпанында жариялаған еді. Кейіннен оған қатысты 2 ай мерзімге үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған болатын.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия