jasqazaq.kz

Қорғаныс министрлігі сарбаздардың тамақтануына қатысты түсініктеме берді

28 сәуiр 2021, 18:07

Қорғаныс министрлігі Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың тамақтануына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Еске салайық, әзірленген тағамның сапасына көңілі толмаған әскерилер оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған еді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл жағдай 2019 жылы Луговой гарнизонына қарайтын әскери бөлімдердің бірінде болған. Сол жылы тиісті жұмыстар жүргізіліп, тамақтану мәселесі шешілген. «Дегенмен, сарбаздарға арналған ас-судың сапасына қатысты келеңсіз оқиғалар әлі тіркеліп тұрады», — деді ведомство өкілдері.

Ғани Нүсіпов, ҚР Қорғаныс министрлігі ақпарат және коммуникациялар департаментінің өкілі:

— ҚР Қарулы күштерінде әскери қызметшілерді тамақтандыру конкурсты аутсорсинг арқылы жеңіп алған ұйымдармен жүзеге асырылады. Бөлімдердің басшылығы тамақтандырудың толықтылығы мен оның сапасын бақылауда ұстайды. Өкінішке орай кейбір сапасыз қызмет көрсету жағдайлары орын алуда. Әрбір жағдай талқыланып, тиісті талаптар қойылуда.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия