jasqazaq.kz

Қорғаныс министрлігі генерал Көпбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

05 ақпан 2020, 18:00

Қорғаныс министрлігі генерал Қайрат Көпбаевтың қамауға алынуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі меморандум аясында генерал-майор, Қорғаныс министрлігі кадр департаментінің бұрынғы басшысы генерал-майор Қайрат Көпбаевтың ұсталғанын және сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқанын растаймыз. Генерал-майор Көпбаевқа қатысты екі ай мерзімге үй қамауында ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», — деді әскери полиция бас басқармасы басшысының орынбасары Бекен Шынтілеуов.

«Осында мына нәрсені айта кетейін, БАҚ-та генерал-майор Көпбаев Қорғаныс министрлігінің кадр және әскери білім департаментін басқаратыны айтылған, бұл ақпарат дұрыс емес, өйткені лауазымдар мен әскери атақтар тізіміне сәйкес оның лауазымы Қорғаныс министрлігінің кадр департаменті деп аталады, ал бізде әскери біліммен басқа бөлімше айналысады», — деді ол.

Осыған дейін Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Қайрат Көпбаевтың екі айға үй қамауына алынғаны хабарланған. Ол жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия