jasqazaq.kz

Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады

24 маусым 2019, 12:14

Қорғаныс министрлігінің өкілдері Арыстағы жарылыстарға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«24 маусымда Түркістан облысының Арыс қаласының маңында орналасқан ҚР ҚК арсеналдарының бірінде оқ-дәрілер сақталған ғимараттан өрт шықты. Қазіргі уақытта қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігінің басшылығы оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберді, Қарулы Күштер жеке құрамының күші апат салдарын жою және азайту бойынша іс-шаралар ұйымдастырып жатыр», — делінген хабарламада. Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр. Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс істейді — тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде