jasqazaq.kz

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде тараған видеоға түсінік берді

19 наурыз 2020, 19:19

Қорғаныс министрлігі Аягөз қаласының маңына әскери техникалардың топталу себебін түсіндірді.

«2020 жылдың 18 наурызында әскери даярлықты тексеру бойынша бұрын бекітілген жоспарға сәйкес Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінің бірі әскери даярлықтың жоғары деңгейіне келтірілді. Барлық техника жұмыс істеп, уақытында шықты. Техника мен әскери қызметшілер өзін мықты қырынан көрсетті. Марш болмады. Техникалар қосымша қаралып, екі сағаттан кейін тұрақты дислокация бекетіне қайтарылды», — деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінен. Тексеріс Қарулы күштер қатарында коронавирустың таралуына қарсы тұру шаралары аясында өткізіліп, соңғы кезең ретінде қарастырылған. «Бүгінгі таңда ҚР Қарулы күштерінің бас штабының нұсқауы бойынша тұрақты дислокациялардағы барлық пунктің тексерісі тоқтатылған», — деді министрлік. Қорғаныс министрлігі Қарулы күштерінде жыл сайын жүзге тарта әскери жауынгерлік даярлық өтетінін хабарлайды. Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде әскери техникалардың топталып тұрғаны көрсетілген видео тараған болатын.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия