jasqazaq.kz

Қорғаныс министрі: Әскери жиын үш айға созылады

03 сәуiр 2020, 11:48

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев онлайн-брифингте Қазақстанда арнайы жиындарға кімнің шақырылатынын айтты.

«Бұл жарлықтың негізгі мазмұны — әкімдерге әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыруға құқық пен мүмкіндіктер беру», — деді қорғаныс министрі.

Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, жиын үш айға созылады.

Бірінші кезекте еріктілерді шақыратын болады. Қорғаныс министрлігі басшысының сөзінше, жастар жұмыссыз отырмас үшін осы шақыруды қабыл алуға дайын.

Әскери міндеттілер өзге өңірлерге шақырылмайды — тек тұрғылықты жері бойынша.

Әскерге шақыруға әскери міндеттілер және әскери қызметке жарамды адамдар жатады.

Әскерге шақырудан босатылады:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар;

2. Мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиация персоналы;

3. Ауыл шаруашылығында және егін жинау кезеңінде ауылшаруашылық техникаларын жөндеу жөніндегі ұйымдарда жұмыс істейтін адамдар;

4. Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінің педагогтары оқу жылы кезеңінде;

5. Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар;

6. Әскери міндетті әйелдер;

7. Запасқа шығарылғаннан кейін екі жыл ішінде әскери міндеттілер;

8. Он сегіз жасқа толмағана үш және одан да көп балалары бар адамдар;

9. Жеке басына қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе қылмыстық істі сот қарайтын адамдар;

10. Қазақстан Республикасы парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары болып сайланған (тағайындалған) әскери міндеттілер.

Естеріңізге сала кетейік, 2 сәуірде мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жиындарға шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстанның бас штабының бастығы Руслан Шпекбаев әскери шақырылған қазақстандықтарды елді мекендерді патрульдеуге және су тасқынына қарсы күреске, сондай-ақ санитарлық қызметке жіберетінін айтты.

Жұмылдыру барлық жерде емес, әскери қызметшілер жетіспейтін өңірлерде болады. Олар жұмысқа барған секілді қызмет етеді. Жұмыссыздарға ең төменгі жалақы төленеді. Жұмыс істейтіндер — жалақы.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді