jasqazaq.kz

Қордайлық тұрғынның үйінен героин табылды

11 маусым 2019, 10:33

Жамбыл облысында «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Қордай ауданының тұрғынынан екі келіден астам героин табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шара кезінде облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауылында тұратын 45 жастағы ер адамның үйіне санкцияланған тінту жұмыстарын жүргізді. «Тексеру барысында оның сарайынан шүберекке оралған екі брикет табылды. Олардың ішінде құрамында ұнтақ тәрізді заты бар екі полиэтилен орамасы табылған. Сот-химиялық сараптама актісіне сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 2 келі 51 грамм «героин» есірткі құралы екендігі анықталған»,- дейді полиция департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова. Күдікті кінәсін мойындап, аталмыш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде