jasqazaq.kz

Қордайдағы жайтты қырғыздар басқалай болжап жатыр

11 ақпан 2020, 10:18

Мақала бейресми жанама фактілер келтірілген.   Қырғызды «Вечерний Бишкек» басылымы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке түрткі болған не нәрсе екенін өздерінше болжап, мақала жариялады.  

Мақала авторы, ең алдымен, бұл жағдайда қылмыс әлемінің ықпалы бар шекарадағы елді-мекен сынды бірқатар факторларға мән беру керек деп жазады.

Басылым бейресми деректерге сүйене отырып, Масаншы ауылында болған жайт Қазақстанның оңтүстігіндегі есірткі бизнесіне еге Серік «Голова» ұйымдасқан қылмыстық тобының ұлтаралық шиеленісті желеу етіп, шын мәнінде, өздерінің «түгендеген есебі» деп жазады.

«Айта кетсек, қылмыс әлемінің серкесі осы оқиғадан бірнеше күн бұрын Алматы маңында ұсталған болатын. Біріншіден, жергілікті тұрғындар арасында атыс қаруының болуы қылмыс әлемінің қатысы барын көрсетсе керек. Екіншіден, жергілікті шенеуніктер мен аудан мен облыстағы бірқатар полиция басшыларының қызметінен босатылуының себебі де осыдан деп ойлаймын» деп жазылған мақалада.
7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында жаппай тәртіпсіздік орын алды. Салдарынан 10 адам көз жұмды, 40-тан аса адам жарақат алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жаппай тәртіпсіздік салдарынан 30-дан астам жеке үй, 15 сауда нысаны және 23 автокөлік бүлінген. 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, екі аңшы мылтығы тәркіленді.

 zakon.kz.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия