jasqazaq.kz

Қордайдағы тәртіпсіздік: 25 қылмыстық іс қозғалды

10 ақпан 2020, 17:09

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаларға қатысты қылмыстық істер жайлы айтты.

«Бүгінде жаппай тәртіпсіздіктер, жаппай тәртіпсіздікке шақыру, адам өлтіру, бұзақылық, билік өкіліне күш қолдану, мүлікті бүлдіру, сондай-ақ қару жасау бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды», — деді Сортөбе ауылында өткен брифингте.

Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасымен Бас прокуратура ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құрды, олар қазір осы іспен айналысып жатыр.

«Ең басты міндет — ұйымдастырушыларды, бастаушыларды, арандатушыларды және кінәлілерді табу. Жұмыс нәтижесі бойынша біз сіздерге қосымша ақпарат береміз. БАҚ-та қаза болған адамдарға қатысты әртүрлі ақпарат бар. Бүгінде 10 адам қаза тапты. Арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды, ақпаратты кез келген уақытта сізге беретін боламыз. Ведомствоаралық комиссияның ресми ақпаратын негізге алу керек», — деді Бердібек Сапарбаев.

Дереккөзі: Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия