jasqazaq.kz

Қордайда құлақ кесетін ұрылар пайда болыпты

01 тамыз 2018, 11:04

Жамбыл облысы Қордай қаласының халқы үрей құшағында отыр. Өйткені, ел ішінде түн баласы қарақшылық жасайтын бір топ адам, тонаған үйлерінің үлкен кішісінің құлағын кесіп, саусағын тіліпті деген қаңқу сөз тарап кеткен. Бұған ұрылардың үш адамды жарақаттап кетуі себеп. Ұрылар расымен құлақ кесіп жатыр ма? Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Ұрылардың айналасы бірнеше күннің ішінде бірнеше үйге түскені рас. Олардың жай ұрлық жасамай, суық қару қолданып, тұрғындарды жарақаттағаны да шындық. «Құлақ пен саусақ кесілді» деген артық-кем айтылған қаңқу сөз содан шыққан. Елдің үрейленгені соншалықты, оқиғаның мән-жайына қанық адамдардың өзі сұхбат беруден қашады. Тек бірді-екілі адам әзірге естігенін жеткізді.

Тұрғындар сөзінше, бет аузын тұмшалап алған қос ұры үй иелерін пышақтап, тепкінің астына алып, тонаған. Қаскөйлердің қолынан үш үйдің 4 азаматы зардап шеккен. Ұрылар жәбірленушілердің қолдарын кескілеп, қолтаңба қалдырып отырған. Бірақ, ешкімнің құлағы кесілмепті. Күдіктілер әлі ұсталған жоқ. Тұрғындар түн баласы аман есен болсақ деп тілеп шығамыз деп отыр. Ал, зардап шеккендер ауруханаға түскен.

ИРИНА СОВЕТЖАНҚЫЗЫ, тілші:

– Біз қазір Қордай аудандық ауруханасының алдында тұрмыз. Мұнда қазір бір науқас жатыр. Бұған дейін қаралған екі науқас Бішкекке ауыстырылған.

Ирина Советжанқызы қазір полиция өкілдерінен істің мән жайын сұрап жатыр. Қордайдағы үй тонап қана қоймай, адамды пышақтап таңба салып кететін топ қайдан шықты? Оларды тұтқындау үшін тағы да үлкен шу шығуы керек пе?

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді