jasqazaq.kz

Қордайда ауылдың үрейін қашырғандар ұсталды

13 қыркүйек 2018, 15:02

Қордайда ауыл тұрғындарының үрейін қашырған бұзақылар ұсталды. Жамбыл облыстық ІІД өкілдері Қордай ауылында ұсталған қаскөйлер жайлы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Көп жұмыс атқарылды, соның нәтижесінде үш азамат ұсталды. Екеуі — Қордай ауданының тұрғыны, ал біреуі Алматы тұрғыны. Олардың Алматыда отбасы мен жұмысы бар. Ұсталғандардың барлығы өз кінәсін мойындап, тергеу шараларына қолғабыс етіп жатыр. Қылмыс жасау барысында алған заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу барысында олардың басқа да қылмыстарға бар-жоғын анықтаймыз», — деді облыстық ІІД басшысы Арман Оразалиев.

Полициядағылар қылмыс істеді деп күдікке ілінген Қордайдың екі тұрғыны Жамбыл облысында тұрмайтынын, алайда ауылдағы туыстарына келіп тұратынын айтты. «Олар ұрлаған заттарының барлығын молада жасырып отырған. Ол жерден ұрланған заттың жартысы табылды. Қазіргі уақытта, оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қарақшылық»). Сондай-ақ, күдіктілердің біреуіне ҚР ҚК 121-бабы 3-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса») бойынша айып тағылған. Айта кетейік, Жамбыл облыстық ІІД өкілдері осыған дейін, шілденің 20-29 аралығында Қордай ауданының Қордай ауылында бірнеше қарақшылық шабуыл болғанын айтады. Полицейлердің мәліметінше, қылмыскерлер бетперде киген адамдар жергілік тұрғындардың үйіне баса-көктеп кіріп, дене жарақатын салып, ақша мен бағалы заттарды беруін талап еткен. Зардап шеккен бір ер адам ауруханада қайтыс болған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді