jasqazaq.kz

Қордай трагедиясы: Төрт адамды өлтірген күдікті ұсталды

21 ақпан 2022, 13:54


Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылындағы қақтығыстар кезінде төрт адамды атып тастаған ер адам ұсталды. Ол екі жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Дәурен Қозыбақов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 7 ақпанында Масанчи ауылында күдікті аңшы мылтығымен төрт адамды атып өлтірген.

Қозыбақовтың айтуынша, қылмыскер Алматы облысында қолға түсті.

«Алматы облысында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Ол 2020 жылы 7 ақпанда Қордай ауданы Масаншы ауылында бір топ адамның ішінде аңшы қаруымен төрт адамды атып тастады», — деді Қозыбақов ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.

Одан 12 калибрлі МР-27ЕМ-1С» аңшы мылтығы тәркіленген. Істің мән-жайы толық зерттеледі.

Еске сала кетсек, 2020 жылы 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, соңы тәртіпсіздікке ұласты. Масанчи, Сортөбе, Ауқатты ауылы тұрғындарының баспанасы, дүкендер, дәмханалар мен көліктер отқа оранды.

Сол күні Қордай ауданының Қаракемер, Масанчи, Бұлар батыр ауылдарында 176 адам медициналық көмекке жүгінді, 41-і жатқызылды. Он бір адам көз жұмды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде