jasqazaq.kz

«Қордай» шекара бекеті уақытша жабылды

23 маусым 2021, 18:06

Қазақ-қырғыз шекарасында корнавирус жұқтырған науқас анықталды, осыған байланысты «Қордай» шекара пункті уақытша жабылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

22 маусымда Жамбыл облысындағы қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан «Қордай» орталық бекетінде көрші елден келген COVID-19 жұқтырған науқас анықталғаны хабарланды.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бұл деректі Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына және Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлады.

«Осыдан кейін шұғыл түрде науқасты, онымен жақын байланыста болған адамдарды оқшаулау шаралары қолға алынды. Азаматтар шекарадағы өткізу пунктінің аумағында орналасқан изоляторға жатқызылды. Кейін санэпид қызметі мамандары жедел жәрдем бригадасын шақырды.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастың анықталуына байланысты өткізу пункті басшысының бұйрығымен «Қордай» бекеті уақытша жабылған болатын», — деінген хабарламада.

Дезинфекторлар бекет ғимаратын өңдеу шараларын жүргізіп, ғимарат аумағы желдетілгеннен кейін пост өз жұмысын қайта жалғастырды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия