jasqazaq.kz

Қордай оқиғасы: мерт болған 11-ші адамның кім екені анықталды

05 наурыз 2020, 12:33

Қордайдағы қақтығыстан кейін Масанчи ауылында үйінді астынан табылған — күйіп кеткен дене 20 жастағы Мұрат Масановқа тиесілі болып шықты. Бұл туралы Қазақстан Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасап Sputnik хабарлады.

11 ақпанда Масанчи ауылында қираған сауда орталығының ғимаратын тазарту кезінде үйінді астынан бір адамның мәйіті табылған болатын. Генетикалық сараптаманың қорытындысы бойынша оның кім екені анықталды.

«Ол 20 жастағы Мұрат Масанов болып шықты, ол із-түссіз жоғалып кеткендердің қатарында болған. Әкесі ұлының жоғалып кеткені туралы полицияға 9 ақпанда хабарлады», — деп мәлімдеді департаменттен.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жас жігіттің қалай көз жұмғаны анықталуда.

Айта кетсек, 7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. Салдарынан 10 адам көз жұмған, кейін тағы бір адамның денесі өртенген ғимарт үйіндісінің астынан табылды.

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі