
Осыдан бір ай бұрын Жамбыл облысы Қордай ауданында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Осы оқиғаға байланысты тергеу жалғасуда. Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың айтуынша, Қордайдағы қақтығыс бойынша бес адам ұсталған.
«Қордайдағы жағдай бойынша бес адам ұсталды. Екеуі бұзақылық жасап, ересек адамды ұрып-соққаны үшін және полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін ұсталды. Бұл туралы БАҚ-тарда жазылды. Ал өрт шығарып, адам өлтіру деректері бойынша тергеу жүріп жатыр. Әлі ешкімді ұстаған жоқпыз. Себебі онда іс материалдары көп», — деді ол.
Оның айтуынша, күдіктілердің барлығы ұсталған жоқ.
«Видеоматериалдарды қарап жатырмыз, содан кейін ғана шешім қабылданады», — деді Дембаев.
Дерккөзі: tengrinews.kz