jasqazaq.kz

Қордай оқиғасы: 25 адам ұсталды

27 наурыз 2020, 18:37

Бүгін еліміздің үш өңірінде Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке белсене қатысқан 25 адам ұсталды.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Бас Прокурорының орынбасары Ерлік Кененбаев айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. «Бүгін Жамбыл облысында, Алматы және Шымкент қалаларында Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке белсенді қатысушыларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Оның нәтижесінде 25 адам ұсталды. Олардың ішінде қазақтар, дүнгендер, қырғыздар бар. Оның 7-еуі бұрын сотталған. Істі тергеу жалғасуда және біздің ерекше бақылауымызда тұр. Барлық процессуалдық шешімдер заңнамаға сәйкес қатаң қабылдануда. Жиналған дәлелдемелерге тиянақты талдау жүргізіп жатырмыз. Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың әрбірінің рөліне баға берілуде», — деді ол. Осы ретте Бас прокурордың орынбасары барлық қазақстандықты қылмыстық істің тергелуі барысы жайында тек ресми дерек көздеріне сенуге шақырды. «Әртүрлі арандатушыларға ермеулеріңізді сұраймын. Жалған мәліметтерді таратуға және жолдауға жол бермеу қажет. Сот төрелігін жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеу жүргізуге кедергі жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 407-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертемін. Бүгін толық сеніммен Қордайдағы жағдай тұрақты деп айта аламын», — деді Ерлік Кененбаев.

https://youtu.be/BUpvGztvhqU
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі