jasqazaq.kz

Қордағы шотыңызда қанша қаражат жиналды?

26 тамыз 2019, 15:23


Азаматтарға арналған үкімет» МК қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай зейнетақы қорындағы жинақтарды онлайн түрде тексерудің екі жолын көрсетті.

«Сіз ай сайын жалақыңыздың 10 пайызын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударасыз. Ал қордағы шотыңызда қанша қаражат жиналды? Мұны тексеру өте оңай. Әдеттегідей, оны екі тәсілмен біліп-көруге болады — электронды үкімет порталы мен телеграм-бот арқылы», — деп жазды Мұрат Жұманбай Facebook желісіндегі парақшасында. Оның мәлімдеуінше, Egov.kz порталы арқылы мәліметтерді білу үшін «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін таңдауыңыз қажет. Тиісті өтінішті жолдаған соң, дайын құжатты жеке кабинетіңізден көре аласыз. Ол үшін Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы міндетті екен. Ал зейнетақы қорындағы жинақтарды білудің екінші жолы — телеграм-бот. Ол үшін телефонға Telegram мессенджерін жүктеп алу қажет. Сонда Egovkzbot арқылы зейнетақы аударымдары туралы мағлұматты алуға болады. Боттағы қызметтер тізімінен «БЖЗҚ салымшысының зейнетақы қорларының жағдайы туралы ақпарат алу» қызметін таңдау керек. Зейнетақы жинағын осы әдіспен білу үшін мобидьді азаматтар базасына тіркелу міндетті.

Tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда