jasqazaq.kz

Қорадағы малдар өртеніп кетті

05 маусым 2021, 15:23

Қостанай қаласында бір үйдің үйдің ауласындағы қора өртеніп, іштегі мал тірідей жанып кетті. Бұл туралы Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

4 маусымда сағат 14:09-да Қостанай облыстық ТЖД нөміріне Цветоная көшесінде 150 шаршы метр аумақта қора өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 14:57-де келіп, жалынды сөндіруге кірісті.

«Өрттің жақын тұрған жекеменшік үйдің барлық аумағына, сондай-ақ көрші үйге таралып кетуі мүмкін еді. Жалынмен күресте өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 15 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Қорадан басқа, оның ішінде тұрған мал – бір жылқы мен 12 қой өртеніп кетті. Сондай-ақ, өрт кезінде сонда жүрген жалдамалы жұмысшы зардап шекті. Беті мен қолы күйген ол ауруханаға барудан бас тартты», — деп хабарлады ТЖД-дан.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қора өртенгенде иелері үйде болып, ол туралы білмеген. Өрт сөндірушілер жалынды сағат 15:19-да толық сөндірді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия