jasqazaq.kz

Қорадағы қоймен бірге шопан да жанып кетті (Видео)

31 қантар 2022, 14:08

Түркістан облысында өрт салдарынан мыңнан астам қой қырылып қалды.

2022 жылдың 31 қаңтарында, сағат 7.15-те 101 пультіне Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимарат өртенгені туралы хабарлама түскен. Ғимараттың бірінші қабатында мал, ал екінші қабатында шөп тұрған. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен.

Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға орнынан қойшының денесі табылған. Өрт сағат 9.37-де оқшауланып, сағат 10.23-те сөндірілді. Көлемі анықталуда. Айта кетсек, тілсіз жауды ауыздықтауға Түркістан облысы ТЖ департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

ernur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде