jasqazaq.kz

Қонақтар ыдыс-аяқты сындырып, мейрамхананы тас-талқан етті (видео)

13 ақпан 2019, 11:59


Үйлену тойындағы тамаққа көңілі толмаған қонақтар төбелес шығарды.  Қонақтар ыдыс-аяқты сындырып, мейрамхананы тас-талқан етті.
Үйлену тойының қонақтары Нью-Делидегі бес жұлдызды қонақ үйлердің бірінде ойран салды. Оқиға түсіп қалған видео желіде тарап кетті. Видеожазба 10 ақпанда Нью-Делидегі бесжұлдызды мейрамханалардың бірінде түсірілген. Видеода ішімдікке тойып алған ер адамдардаяшыларға  шабуылдап, оларға тәрелке лақтырады. Әйелдер мас күйеулерін ақылға келтірмек болғанымен, онысынан ештеңе шықпады.

Деректер бойынша, адамдардың озбырлық әрекетіне некеге отыру салтанатын жүргізушінің тамақтың суып қалғанына шағымдануы себеп болған. Мейманхана өкілдері ақталып, қонақтар ішімдік ішіп, көңіл көтеріп жүргенде тамақтың суып қалғанын айтқан. Алайда бұл сөз қонақтарды ашуландырды. Салдарынан қонақтар ыдыс-аяқты сындырып, даяшылармен төбелесті. Төбелес салдарынан мейманхананың кемі 4 қызметшісі зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. Ендігі мейманхананың иесі қонақтардың үстінен полицияға шағымданбақ.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=3&v=kKPXat_WmDo

КТК 

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда