jasqazaq.kz

«Қонаққа» келген құрақұрт

10 шiлде 2018, 17:46


Азамат Батыйұлы желіде пәтерінен қарақұрт тауып алғанын жазды.

 Stan.kz хабарлағандай, «Алматылықтар, сақ болыңыздар! Бүгін үйімнің төбесінен қара өрмекшіні көріп өлтірдім. Анықтап қарасам, қарақұрт екен. Сырты жалтырап тұр. Құрақұрт шағып алған жағдайда жедел жәрдем шақырыңыз. Өйткені оның уы өте қауіпті», – деп жазады ол. Құрақұрт аналығының уы жылан уынан 15 есе уытты.
«Бұрын қарақұрт далалы аймақта болатын. Қазір адамдар хабарласып, үйінен тауып жатқандарын айтады. Бұл бізді алаңдатып отыр», – дейді дезинсектор маман Гульчехра Имирова.
Қарақұрттардың қалада көбеюінің бір себебі – кәуәп бизнесі. Құрақұрттар кәуап пісіретін сексеуілдермен бірге келеді. Аналықтары сексеуілдерге жұмыртқалайды.
Одан бөлек балық аулауға, аңшылыққа баратын қала тұрғындарының өзі де улы жәндікті өзімен бірге тасымалдайды.
Дәрігерлер биыл қарақұрт шаққан жағдай тіркелмегенін айтады. Бірақ мамандар тұрғындарды сақтыққа шақырады. Қарақұрттың шаққанын адам сезбейді. Ал, уланған адамның денсаулығы нашарлаған жағдайда оны басқа аурумен шатастырып алуы мүмкін. Қарақұр тшаққанда адамның жүрегі айнып, терлеп, денесі ауыр болып тұрады.
«Қарақұрт шағып алған жағдайда, дәрігерлер келгенше ауырған жерге кез келген антисептик жағу керек. Егер ауырсыну болса, ауырсынуды басатын дәрі беру керек. Егер жүрегі айныса, жүрек айнуды басатын дәрі ішкізеді. Жәндік шаққан жерді сықпау керек», – дейді дәрігер Талғат Шәкіров.
Дәрігерлер науқасқа уды қайтаратын арнайы дәрі салады. Бірақ көмекке дер кезінде келу керек. Егер қарақұртты үйден тауып алсаңыз, дезинсектор мамандарын шақырыңыз. Қарақұртпен өз бетінше күресу адам өмірі үшін қауіпті.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді