jasqazaq.kz

Қонақ үйдегі өрттен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

17 маусым 2019, 10:37

Атырауда қонақ үйдегі өрт салдарынан ауруханаға түскендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Жексенбінің түнінде өрт болған қонақ үйге барған жедел жәрдем бригадаларымен облыстық ауруханаға 3 адам жеткізілді. Олардың екеуі Атырауға Оралдан келген спортшы балалар болса, біреуі – 42 жастағы әйел. Олар иіс тиіп, уланып қалған. Зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетілді. Балалар ауруханадан шығарылды. Әйелдің жағдайы тұрақты. Ем алып жатыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», — дейді облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетсек, 16 маусымға қараған түні Атыраудағы «Райхан» қонақ үйінде өрт болды. Оқиға орнынан құтқару қызметіне түнгі сағат 01:19-да хабар түсті.

«Өрт саунаның жерасты қабатындағы пар бөлмесінен басталған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер саты арқылы шығып, 3 бала мен 31 ересек адамды, 29 баланы құтқарды», — деді Қазақстанның ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметіндегілер.

Құтқарылғандар мен сыртқа шығарылғандар – Оралдан жарысқа келген балалар. Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде