jasqazaq.kz

Қонақ үйдегі бала өлімі: әкесі қамауға алынды

28 қазан 2019, 16:32

Алматы соты қаладағы InterContinental қонақ үйінде бір жарым жасар сәбиді өлтірді деген күдікпен шетел азаматына бұлтартпау шарасын шығарды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Күдікті Ұлыбритания азаматы екені белгілі болды. Болжаммен, ол өз қызын өлімші етіп ұрып-соққан. Ол екі айға қамауға алынды. «26 қазанда сот санкциясымен күдікті екі айға қамалды. Ұлыбритания азаматы ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағы («Адам өлтіру, кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан») бойынша күдікке ілінді», — делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында. Айта кетейік, 24 қазанда таңғы уақытта әкесі бір жарым жастағы қызын өлімші етіп ұрып-соққан. Басында ер адамның баланы қылғындырғаны айтылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде