Алматыда InterContinental қонақ үйінде 1,5 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен ұсталған Ұлыбритания азаматын қамау мерзімі ұзартылды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Тергеу сотының қаулысымен бұлтартпау шарасы 2020 жылдың 24 наурызына дейін ұзартылды», — деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.
Былтыр 24 қазанда Алматыдағы бес жұлдызды қонақ үйде әкесі 1,5 жастағы қызын өлтірген.
Бастапқыда буындырып өлтірген деген мәлімдеме болды.
Кейіннен ұсталған соң судья оны 2 айға қамау туралы бұлтартпау шарасын қабылдады.
Күдікті 41 жастағы Ұлыбритания азаматы болып шықты.