jasqazaq.kz

Қонағы үй иесін ұрып тастады

18 наурыз 2019, 11:58

Теміртау қаласында ерлі-зайыптылардың үйіне келген қонақ шаңырақ иесін аяусыз соққыға жыққан. Зардап шеккен азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Зардап шегушіге 30 пайыз көру мүмкіндігі төмендеуімен көз зақымы, басының жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозы қойылды. Бұл жарақаттарды оған үйіне келген долы қонақ келтірген екен. Ер азаматтар арасындағы жанжал түкке тұрғысыз себептен басталыпты. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

«Дастархан басында отырғанбыз, сосын сөзге келіп қалдық. Ол жұдырық ала жүгіріп, мені ұра бастады. Соққыларынан кейін құлағым естімей, көзім көрмей қалды», — деді жәбірленуші.
Полицейлер күдіктіні тұтқындады. Оған қатысты ақпарат тексерілгенде оның бұрын істі болғаны, кісі өлтіргені үшін тоғыз жыл түрмеде отырғаны анықталған.

Бұл жолы оған қылмыстық кодекстің 106-бабы «Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру» бабы бойынша айып тағылып отыр. Ол кінәсін мойындап, прокурормен келісімге келген.

Теміртау қалалық соты күдіктіге үш жарым жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Ол жазасын қауіпсізгі жоғары колонияда өтейтін болады. Сот оның әрекеттерінде қылмыс жасауға бейімділік бар деп тапты.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық