
Бәріне ортақ журналистика
Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы
Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр. Сонымен қатар қатысушыларымыз елге танымал өнер жұлдыздары, спорт саңлақтарымен сұхбаттасып журналистиканың сұхбат жанрын меңгеруде.
Курсқа онлайн қатысушыларымызыдң бірі, Ұпан Бақкелді Қонаев қаласында тұрады, осы қалада жұмыс істейді. Сайт оқырмандарына курсқа қатысушы облыс орталығына айналған Қонаев қаласы туралы жазған шағын жазбасын ұсынып отырмыз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алматы облысы екіге бөлінуі жергілікті тұрғындар үшін маңызы зор. Жетісу облысының орталығы талдықорған қаласы, ал Алматы облысының орталығы болып бұрынғы Қапшағай қазіргі Қонаев қаласы бекітілді.
Мен өзім осы Қонаев қаласында жұмыс істейтіндіктен облыс орталығына айналған Қонаев қаласының дамуында ілгерілеу бар екенін байқап жүрмін. Қаланы қай жағынан да дамытуға болады. Әсіресе туризм саласын өрістетуге, ауылшарушылығы оның ішінде балық өсіруге Қапшағай көлі қолайлы болмақ. Қаланың орталығында дінмұхамед Қонаевтың құрметіне ашылған ескерткіш мүсіні де бүгінде көпшіліктің келіп серуендейтін, суретке түсетін орнына айналған. Қала енді жаңғырып жаңарып, жастардың мекеніне айнала түседі деп сенемін.
Бақкелді Ұпан,
ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жан,
Қонаев қаласы.