jasqazaq.kz

Қолы мен көзінен айырылған сарбаз миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін

14 қазан 2019, 17:24

Желіде Маңғыстау облысындағы полигонда граната жарылысынан зардап шеккен әскери қызметші 6 миллион теңге айыппұл арқалауы мүмкін деген ақпарат тараған. Бүгін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев осыған қатысты түсініктеме берді.

Оқиға осы жылдың 20 шілдесінде болған еді. Маңғыстау облысындағы полигонда өткен оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, № 99116 әскери бөлімнің екі сарбазы зардап шекті. Олардың біреуі қолы мен көзінен айырылған.

«Маңғыстау облысындағы полигонда болған оқиға бойынша. Мұны қорғаныс министрлігі емес, ішкі істер министрлігінің арнайы құрылған тергеу тобы тергеп жатыр. Тергеу тобының жұмысы аяқталғанға дейін ешқандай түсініктеме бере алмаймын. Оған құқығым жоқ. Бірақ әртүрлі болжам қаралып жатыр», — деді Ермекбаев үкімет кулуарында.

Айтуынша, қаралып жатқан болжамдардың бірі – әскери қызметшінің қауіпсіздік талаптарын бұзуы.

«Егер бұл болжам дәлелденсе, онда әскери бөлімнің келтірілген шығынды қайтаруды талап етуге құқығы бар. Алайда қазір бір нәрсе айту ертерек. Тергеу аяқталғаннан кейін нақты қарайтын боламыз», — деді министр.

Ол зардап шеккен әскери қызметшіге барлық қажетті көмек, ең алдымен, медициналық және психологиялық жәрдем көрсетіліп жатқанын атап өтті.

sputnik

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда