jasqazaq.kz

Қолайлы қосымша іске қосылды

08 қараша 2022, 14:01


Астанада жыл сайын көмірді пайдаланатын халық саны азайып келеді. Өйткені қала ішіндегі аудандар мен мегаполис маңындағы елдімекендерді газға қосу ісі қарқынды жүргізілуде. Дегенмен әлі де көмір жағатын халықтың жағдайын жеңілдету мақсатында Астана қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы Smart Astana жүйесінде қолайлы қосымшаны іске қосты.

Енді сол қосымшаны пайдалана отырып, көмірдің бар-жоғын, сату орталығының мекенжайын, бағасы мен сапасы туралы ашық ақпаратты көріп отыруға мүмкіндік туды.

Аталған мобильдік қосымшада 16 сауда нүктесі мен көмірдің 5 түрі көрсетілген. Көмірдің бар-жоғы туралы күнделікті ақпаратты соған жауапты басқарма күн сайын беріп отырады. Smart Astana арқылы баға мониторингі онлайн форматта жүргізіліп, көмірдің жетізу уақытын көруге болады. Сондай-ақ көмірдің түрі мен бағасы сұрыпталып, әр сатып алушы өзінің қалаған түрін, тіпті көмір сату орнының өзіне жақын нүктесін таңдай алады. Сатып алушыға ыңғайлы болу үшін қызмет көрсетушінің байланыс телефондары көрсетілген.

Сату нүктесінде көмір болмаса немесе оның бағасы тым жоғары болса, басқа да себептермен қызмет көрсету көңіліңізден шықпаса, Smart Astana мобильді қосымшасында пікір қалдыруға немесе шағым жазуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, қазір елордаданың Алматы және Сарыарқа аудандарында газға қосылу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген. Олар — Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Теміржолшылар, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс (оң және сол жағы), Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный, сондай-ақ Потанин көшесі ауданындағы қаланың ескі бөлігі. Жалпы 680 шақырымнан астам газбен жабдықтау желісінің құрылысы аяқталды, кварталішілік желілер тартылды.

Бүгінгі таңда газға 6 мыңнан астам үй қосылған. Қалған Байқоңыр және Есіл (кварталішілік желілер – 2023 жылы) аудандарында газ құбырын салу жұмысы жүріп жатыр.

Абзал Ибрагим,
Астана

16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку