jasqazaq.kz

Қоқыстан табылған сәбидің анасы ұсталды

06 сәуiр 2020, 17:21

Қарағанды қаласының 22 жастағы тұрғыны жаңа туған нәрсетесін өлтіруге әрекет істеді деген күдікпен ұсталды.

Қарағанды полицейлері 3 сәуірде Майқұдықтағы қоқыс контейнерінен табылған сәбидің анасы болуы мүмкін келіншекті анықтап, ұстады. Ол 22 жастағы қала тұрғыны.

«Полиция департаментінің басшылығы сәбидің анасы анықтау үшін криминалдық полиция мен жергілікті полицияның тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобын құрды. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағытталды. 6 сәуірде облыстың криминалдық полиция, Қарағанды қаласының полиция басқармасы мен Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шаралар жүргізу нәтижесінде жаңа туған баланың анасы, 22 жастағы келіншекті тапты», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Полицейлер тергеу жүргізіп, жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Қазіргі уақытта нәресте облыстық перинаталдық орталықта жатыр. Баланың денсаулығы жақсы. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.

Tengrinews.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі