jasqazaq.kz

Қоқыстан сәби табылды

28 қараша 2018, 21:52

Ақтаулық полицейлер қоқыс арасынан өлі күйінде табылған шақалақтың анасын іздестіріп жатыр. Естіген жанды бей-жай қалдырмайтын жантүршігерлік оқиғаға қаладан 20 шақырым қашықтықта орналасқан күл-қоқыс полигонының қызметкерлері куә болып, тиісті орындарға хабар берген еді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Арнайы көліктің жүргізушісі Бердәулет Кемалов қаладағы қоқыс контейнерлеріндегі тұрмыстық қалдықтарды әдеттегісінше тиеп, қала сыртына әкеп төккен. Ал, бөбектің жансыз денесін сонда қоқыс сұрыптап жүргендердің бірі тауып алыпты. Қазір тәртіп сақшылары жаңа туған сәбиді кімнің, қай жәшікке тастағандығын анықтаумен айналысып жатыр. «Адам өлімі» бабы бойынша қылмыстық іс те қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бердәулет Кемалов, көлік жүргізушісі:

— Бөтелке жинайтын келіншектің біреуі тауып алған. Сөйтіп полицияға хабар берген. Сосын ертеңіне полицияға барып тапқан жерімді көрсетті.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді