
Қарағандының Майқұдық ықшам ауданында қоқыс жәшіктерінің бірінен жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды.
Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің алдын-ала деректеріне сәйкес, сәбидің денесінен азаптап өлтірудің белгілері табылмаған.
Алайда сарапшылар нақты өлімнің себебін анықтайтын болады.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Қылмыстық іс тіркелді. Тәртіп сақшылары нәрестенің анасын іздестіруде.
«Полиция қызметкерлері анасының жеке басын анықтауда. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жұмыстары жүруде», — деді ведомство.