jasqazaq.kz

Қоқыс полигонындағы өртті 2 тікұшақ сөндіруде

17 мамыр 2019, 12:32

ІІМ ТЖК Алматы маңындағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күні кеше ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге авиатехниканың көмектесе алмайтынын айтқан еді. Алайда тілсіз жау туындатқан мәселені жүйелі шешу үшін бүгін көкке екі тікұшақтың көтерілгені белгілілі болды. «Алматы маңында қоқыс полигонындағы өртті сөндіру жұмыстарына қазіргі уқаытта автоцистерналар, су тасушы техникалар мен арнайы техникалар жұмылдырылуда. Сөндіру жұмыстары 17 мамыр күні сағат 03.00-ке дейін созылып, 3 сағаттан кейін қайтадан (сағат 06.00-да) жалғасты», — деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметінен. Қазіргі уақытта тұтанған аумақты периметрі бойынша сумен сөндіру және топырақпен жабу жұмыстары жүргізілуде. Сағат 07.00-ден бастап екі тікұшақ 30 рет көкке көтеріліп, 90 текше метр су шашқан. Сонымен бірге, жағдайды бақылауда ұстау үшін Матрица-600 квадрокоптері қолданылуда.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық