
Алматы маңындағы қоқыс полигонындағы өрт бүгін кешкі сағат 18:10-да толық сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қоқыс полигонындағы бықсыған өрт бүгін 18:10-да толық сөндірілді. Өрт аумағы 1 гектар жерді қамтыды. Бықсу ошақтарын көму, су себу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде үш күнде КА-32 және МИ-8 тікұшақтары 840 текше метр суды өртенген аумаққа септі. Арнайы техника 3 мың текше метр топырақ жеткізді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы облысы мен Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарынан, Алматы облысы мен қаласы ТЖД-дан, Алматы құтқару қызметінен, Ұлттық ұлан, «Қазселденқорғау» мекемесінен, «KAZ Waste Converrsion» ЖШС-нан 97 техника және 148 адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда «KAZ Waste Converrsion» ЖШС инженерлік техникаларымен (бульдозер, грейдер) жер бетін тегістеу, топырақ құнарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр» делінген хабарламада. Полигонда 2 өрт сөндіруші техника мен 5 самосвал және бір бульдозер кезекшілікте болады