
Ақтауға қоқиқаздың алғашқы тобы ұшып келді.
Бұл туралы ҚазАқпарат Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазір құстар шаһар маңындағы Қаракөл аумағына аялдаған. Мамандардың айтуынша, Ақтауға қоқиқаздар Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Теңіз және Қорғалжын көлдерінен ұшып келген. Ауа райы суытқан соң оңтүстікке, яғни Хазар қорығына немесе одан да әрі Иран жаққа өтіп кетеді. Қаракөл аумағы – «Қызыл кітапқа» енген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл жер табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауында.
https://youtu.be/GAe7A-_KlbQ