jasqazaq.kz

Қоқиқаздарды видеоға түсірген ақтаулыққа айыппұл салынуы мүмкін (видео)

17 қараша 2020, 16:25

Қоқиқаздарды видеоға түсірген ақтаулыққа айыппұл салынуы мүмкін.

«Маған әлі айыппұл салынбады, хаттама толтырайын деп жатыр. Заңды бұзған шығармын мүмкін, бірақ олар не үшін жауапқа тартқысы келетінін түсінбеймін.

Олар маған дүйсенбіде қоңырау шалып, неге сол жерде видео түсіргенімді сұрады. Кім рұқсат берді деп сұрады. Қандай рұқсат туралы айтып жатқанын түсінбедім. Олар менен неге қорық аймағында түсіріп жатырсыз деп сұрады. Бұл үшін жауапкершілікке тартыласыз деді.

Мен қорық аймағында видео түсіруге болмайтынын білмедім. Әрине, мен қоқиқаздарды мазалағанымды мойындаймын, қандай да бір құқықбұзушылық бар шығар. (…) Бірақ мен бұл баптың нені білдіретінін түсінбеймін. Дронмен тыйым салына ма?», — дейді Азамат Сәрсенбаев.

Ролик авторының айтуынша, хаттама Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 378-бабы («Өсімдіктер өсетін жерлер мен жануарлардың тіршілік ету ортасын қорғау қағидаларын, Зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз көшіру, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру») бойынша толтырылмақ.

Азамат Сәрсенбаев айыппұл салынса, төлейтінін айтады. Бірақ ол шешіммен дауласымен дейді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Sarsenbayev Azamat (@azamat_sarsenbayev)

 

 

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия