jasqazaq.kz

Қоймаларда 15 млн маска бар

30 қыркүйек 2020, 10:53

Медициналық маскалар өндіретін отандық кәсіпорындар тәулік сайын 900 мың маска шығарады. Бүгінгі күні қоймаларда 15 млн маска бар. Оның ішінен 10 млн масканы «СҚ-Фармация» ЖШС-іне контракт негізінде жеткізілуде, деді бүгін үкімет отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, қазір Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелеріне 129 өкпені жасанды желдетудің стационарлық аппараты жеткізілді. Өндірісте және стендтік сынақтарда 1 190 ӨЖЖ аппараты (ИВЛ) бар. Оның 181-і жөнелтуге дайын. 1 қазаннан бастап Алматы және Шымкент қалаларына жеткізу жоспарлануда. Қалған аппараттар осы жылдың 10 қазанына дейін еліміздің 17 өңіріндегі 297 аурухана жеткізіледі.

– Ал медициналық қолғаптар өндірісі бойынша күн сайын 330 мың жұп қолғап шығарылады. Қоймаларда қазіргі күні 7 млн жұп қолғап бар. Осы жылдың қарашасында қуаттылығы тәулігіне 530 мың жұпқа дейін ұлғайтылатын болады. Еліміздің фармацевтика саласының 33 компаниясы жылына 3,9 млрд таблетка мен капсула, 922 дәрілік препарат өндіреді. Пандемияның екінші толқыны жағдайында фармацевтика саласындағы кәсіпорындар дәрілік заттардың қажетті бөлігін қамтамасыз етуге дайын, деді ол.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық