jasqazaq.kz

Қоймадағы жарылыс қаупін толығымен жою үшін 2-3 күн қажет

29 тамыз 2021, 16:11

Жамбыл облысындағы әскери қоймада оқ-дәрілердің қайта жарылу қаупі 2-3 күнде жойылады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

«Толығымен жою үшін 2-3 күн қажет», — деді ол журналистерге сұхбатында.

Ильин қазіргі уақытта төтенше жағдай орнында екі жерде шағын жану ошағы барын айтты. Қорғаныс министрлігінің саперлері мен өрт сөндіру қызметкерлері жарылмаған снарядтар жарылмауы үшін сол жерлерде жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, ТЖМ басшысы қайта жарылыс болу қаупі сақталуына байланысты, әзірге тек оқ-дәрі қоймасына жақын орналасқан теміржолда жүк пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілгенін хабарлады.

«Жолаушылар тасымалы мәселесі күн соңына дейін шешіледі», — деп қосты ол.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған.

Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Жарылыстан жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия