jasqazaq.kz

Қоймада тойға дайындық: ұйымдастырушылар анықталды (видео)

26 маусым 2020, 18:20

Желіде ауыл шаруашылығына арналған қоймалардың бірінде той жасауға дайындық жүріп жатқан сәт бейнеленген видео пайда болды. Аталған шара Қарағанды облысы, Осакаров ауданында болғаны анықталды.

«Бұл видео бойынша Осакаров ауданы Молодежный кентінің полиция қызметкерлері тексеріс жүргізді. Жеке кәсіпкер той ұйымдастырғанын жоққа шығарады. Тойға дайындық жүрген. Нысан иесі сапарда болғандықтан бұл жайлы бейхабар болған. Шара ұйымдастырушысы жеке кәсіпкердің інісі болып шықты. Той болмады», — дейді Осакаров ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері.

Қарағанды облысының санитарлық қызметінің мәліметі бойынша, жеке кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Нысан басшысы қызметкерлерін жұмыстан босатты. Сондай-ақ, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары бірнеше рет түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қарағанды облысының бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысы таныстырылды», — дейді Қарағанды облысының санитарлық қызметінің өкілдері.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿© ZTB MEDIA 2020 (@ztb_video)

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия