jasqazaq.kz

Қойма өртеніп, 45 тонна бидай жанып кетті

14 қараша 2019, 11:45


Батыс Қазақстан облысында қойма өртеніп, 45 тоннадай жаздық бидай жанып кетті.. 
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 13 қараша күні сағат 21.24-те Бәйтерек ауданы Переметный ауылында болды. Фрунзе көшесіндегі «Калининское» ЖШС аумағында жеке тұрған қойма өртенді. Соның салдарынан шамамен 45 тонна жаздық бидай, 15 тонна тары, 16 тонна арпа және 30 тонна құмай (шөп) жанып кетті. Сондай-ақ дән тиегіш те өрт ішінде қалды. Ішінара төбе құлады.

Аумағы 600 шаршы метрді қамтыған өрт 22.29-да оқшауланып, 00.01-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге 24-өрт сөндіру бөлімінен 7 қызметкер, 2 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 15 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын көлемі анықталу үстінде.

 ҚазАқпарат 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда