jasqazaq.kz

Қойдың ішек-қарынын тазалаған Төреғалидің әйелі көпшілікті сүйсіндірді (видео)

21 тамыз 2018, 16:54

Әнші Төреғали Төреәлі жұбайы Толқынның қойдың ішек-қарынын тазалап отырғанын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Ұлы дала баласы Instagram желісіндегі парақшасында Құрбан айт мейрамының орай жазба қалдырып, мұсылмандарды құттықтады.

«Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы – Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін», – деп жазды әнші.

Өз кезегінде әнші жұбайы Толқынның видеосын жариялады.

Видеода зәулім үйдің ауласында Толқынның қойдың ішек-қарынын тазалап отырғаны байқалады.

Мұндай көрініске куә болған желі қолданушылары Толқынның қарапайымдылығына тәнті болды.

«Толқын ішек-қарын тазалап отыр ма? Жарайсыз. Төрештің әйелі осындай болуы тиіс. Отбасыңыза бақ-береке тілеймін», «Толқын сондай қарапайым», «Жарайсыз. Қандай адамгершілігі мол адам. Көз тимесін», «Сіз сияқты бақуатты адамдар келініне, әйеліне ішек-қарын тазалатпайды. Бәріне көніп, тазалап отырған Толқынға рахмет айтыңыз. Пейіліне қос ұл берсін», – дейді пікір қалдырушылар.

Сондай-ақ, желі қолданушылары жалаң аяқ жүрген Төрешке аяқ киімін әкеліп беріп, қамқор болып жүрген кішкентай қызының қылығына сүйсінуде.

Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы — Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін! #ӘлиxановтарӘулеті

Публикация от Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді