jasqazaq.kz

Қой еті қымбаттауы мүмкін

28 қыркүйек 2020, 12:36

Елімізде жыл соңына дейін қой еті қымбаттауы мүмкін. Өңірлерде шығып жатқан құс тұмауы ақ еттің күрт азаюына алып келсе, сиыр мен қой етіне сұраныс артады. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. 

Бұл туралы «Шопан ата» ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев айтты, — делінеді «Хабар-24» ақпаратында.

Өнімнің қымбаттауына қой шаруашылығы қызып тұрған оңтүстік облыстарда қуаңшылық салдарынан жем-шөптің аз болуы да себеп. Қазір әлемдегі қой етінің орташа құны — бес доллар. Бірақ бұл баға 10 жылда тағы артуы ықтимал. Бүгінде індет салдарынан экспорт азайған. Бұған логистикалық қарым-қатынастың үзілуі себеп боп тұр. Отандық өнімдер Иран, БАӘ, ЕАЭО, Бахрейн, т.б. елдерде сұранысқа ие.

Айта кетейік, ішкі нарық қой етімен 102 процент қамтылады. Елде шопан ата төлінің 22 түрі өсіріледі. Кәсіпкерлеріміз өзбекстандық әріптестерімен бәсекелесе ала ма?

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың айтуынша, бұған кедергі көп. Көрші елде 96 тауар түріне кедендік баға үшін 5-тен 50 процентке дейін акциз салығы енгізілген. Бұл қазақстандық өңделген өнімге шектеу қоюмен тең дейді депутат. Яғни көршілер бидай, майлы дақылдар, ет және мал терісі сынды шикізатты сатып алып, оны өздері өңдеп, игілігін көруді жөн санап отыр. Ал дайын өнімді қайтадан Қазақстанға да экпорттайтын кездер болған. Бірақ, бұл үшін оларға ешқандай салық салынбайды. Депутат үкіметке сауал жолдап, жағдайды үкіметаралық деңгейде қарастыруды ұсынды. Өйткені бұл мәселе расында өзекті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде