jasqazaq.kz

Қой бағуға мәжбүр болған жігіттің өліміне полицейді айыптап жатыр

06 қазан 2021, 13:37

Түркістан облысында қайтыс болған 28 жастағы Бақытжан Оңалбековтың туыстары оның өліміне полиция қызметкерін айыптап отыр. Туыстарының айтуынша, ол құлдыққа түскен, деп хабарлады Otyrar.kz.

Оңалбеков 30 қыркүйекте өзіне қол жұмсаған. Кейінгі жарты жылда ол қой бағып, отбасының азық-түлік дүкеніндегі қарызын төлеген. Дүкен иесі 300 мың теңге қарызды қой бағып қайтаруды ұсынған. Туыстарының сөзінше, содан кейін Бақытжан құлдыққа түскен.

«Қаласа боқтайды, қаласа ұра салады. Бір рет ұрған соң, екінші рет қол көтерген шығар деп ойлаймын. Ол үш рет қашып келді, оны тауып, қайта алып кетіп отырды. Ең соңғы келгенінде 5 күн қалды, соны абыроймен аяқта дедім. Егер осылай боларын білсем, жібермейтін едім», — дейді Бақытжанның анасы Аягөз Бердалиева.
Марқұмның артында екі жасар ұлы қалды. Анасының сөзінше, ол суицид жасаған күні мал иесі алты қойының жоғалғанын айтып, сол үшін тағы 300 мың теңге талап еткен. Өзінің байланысы мен жағдайын айтып қорқытқан. Содан кейін Бақытжан шарасыздықтан осындай қадамға барған дейді.

«Кеше Леңгірге бардық. Бізге оның Сайрамда жол полициясы болып жұмыс істейтінін айтты. Сен полицей болсаң да біреудің баласын осылай мазақ қылуға құқығың жоқ, сенің де өз балаларың өсіп келе жатыр», — дейді Аягөз Бердалиева.

Журналистер телефон арқылы жұмыс берушіге хабарласты. Алайда ол өзінің қол астында ешкім жұмыс істемегенін айтты.

«Жоқ, ондай адам жұмыс істеген жоқ. Сау болыңыз, сіз шатастырып тұрсыз», — деп жауап берді ол.

Бақытжанның отбасы полицияға арыз жазды. Тергеуге байланысты ер адамның денесі әлі жерленген жоқ. Түркістан облысы полициясының мәліметінше, істі департамент басшылығы бақылауға алған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия