jasqazaq.kz

Қоғамның ең өзекті мәселесі

13 желтоқсан 2018, 12:00

    Еліміз егемендігін алғалы бері еңсесін тік ұстап, әлемдік деңгейге өзін танытып келеді. Әсіресе тарих қойнауындағы рухани құндылықтарымыз қайта жаңғырып, әр саланың дамуына даңғыл жол ашылды. Дегенмен де бүгінгі қоғамды ойландыратын мәселелер аз емес. Оның бірі еліміздің қозғаушы күші саналатын жастар мәселесі. Жастар дегенде де шет елде діни білім алатын жастарымыздың жай- күйі. Қазіргі түрлі жат ағымдардың жанданып тұрған шағында шет елде білім алу қаншалықты маңызды? Жастарымыздың өзге елде білім алуы дұрыс па? Әйелдердің діни экстремизмі қаншалықты қауіпті? Осы сынды маңызды мәселелер жайында Алматы қаласындағы «Шаңырақ» оңалту және кеңес беру орталығының жетекшісі, дінтанушы-ғалым Мерхат Мадияровпен сұхбаттасқан едік.

Jasqazaq.kz: Мерхат мырза, жастарымыздың шет елде діни білім алуы қауіпсіз емес пе? Маман ретінде пікіріңізді білдірсеңіз?

Мерхат Мадияров: Шетелде діни білім алып жүргендерден қауіптенеміз. Өйткені кейбір жастар мектеп бітіре сала Англия, Еуропа елдері деп білім қуып кетеді. Менің айтайын дегенім шет мемлекеттердің өмір салты мен менталитеті тым бөлек. Ол жақта біздің тәрбиемізге қарама-қарсы жат қылықтар көп кездеседі. Елімізде 18 миллион халық бар десек, соның ішінде 12 миллионы мұсылмандар болып табылады. Ал соның ішінде 1-2 пайызы мұсылмандық бес парызын өтеп жүргендер. Жастардың өзге елде білім алуы — қазір қоғамның дерті болып тұр. Маман ретінде айтарым баланы мектеп бітіре салып шет елге білім алуға жіберу қауіпті. Өйткені оңды- солын танып білмеген жас баланың алданып, арбалып қалуы мүмкін. Сондықтан да шет елге магистратура, доктарантураға жіберуге болады. Өйткені бұл жастағы азаматтар өз-өзіне жауап бере алатын, ақыл тоқтатқан жасқа жеткендер. Сондықтан шет елде білім алу мәселесіне келгенде абай болғанымыз жөн. Өйткені жастардың мәселесі бұл болашақтың мәселесі.

Jasqazaq.kz: Әйелдердің діни экстремизмі қаншалықты қауіпті?

Мерхат Мадияров: Дін мәселесінде әйелдерді бөлек қарамауымыз керек. Себебі, «әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді». Отбасының ұйытқысы, баланы тәрбиелейтін де әйел. Біз әйелдер жамағатын құрып, олардың бір-бірімен қарым- қатынаста болуына орталық тарапынан жағдай жасадық. Менің байқағаным, мейірімділік шараларында аналар өте тату. Қолындағы барымен бөлісіп, үйіндегі заттарын да, тіпті киімдеріне дейін бөлісіп жатады. Әйел адамдардың осындай мәселеге көбірек араласқаны дұрыс. Әрине, кері ағымдағы қарындастарымыз бар. Олар белгілі бір себептермен ата-анасымен ұрысып, отбасынан теріс айналғандар.

Ал жас қыздарымыздың жат ағымның жетегінде кетпеуі үшін, ең алдымен отбасылық тәрбиені берік ұстануымыз керек. Болашағымызды ойлайтын болсақ, қыз балаларға дұрыс тәрбие беріп, имандылыққа келтіріп, ата-ананы құрметтеуді үйреткен жөн. Әйелдер экстремизмі- қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі. Өйткені өздеріңіз білесіздер, еліміздің қыздары Сириядағы қақтығыстардың ортасында жүр. Жат ағымның әсерінен елін, жерін тастап өзінің қандай қауіп қатерге бас тіккенін білмей жүргендері қаншама. Сондықтан да қаракөздеріміздің адаспауының алдын алу үшін ең алдымен діни сауаттылығын арттырып, дұрыс бағыт-бағдар беріп немесе дер кезінде көмек қолын ұсынуымыз керек.

Сұхбаттасқан Жарас Кемелжан

Бүгін, 15:48
Астана – Нью-Дели диалогы
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді