Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісі ішіп алып көлік басқарып жүр ме? Әлеуметтік желіде осындай бір видео пайда болды. Видео автобус ішінен түсірілген. Алдындағы автобус артындағысына жол бергісі келмей, ары-бері ойқастайды. krispi_almaty парақшасында тараған видеода «Правасы да жоқ шығар» — деген дауыс естіледі. Жүргізуші адам тасып жүргенін ұмытып кеткен секілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram