jasqazaq.kz

Қоғамдық кеңестің тиімділігі артады

06 желтоқсан 2017, 12:29


Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне Қоғамдық кеңестер туралы заңды жетілдіру жөніндегі түскен ұсыныстар қоғамдық кеңестердің басшыларымен, мемлекеттік мекемелер және сараптамалық қауымдастық өкілдерімен талқыланды.

Ұсынылған өзгерістер сайлау рәсімін, қоғамдық кеңестер құрамындағы ротацияны, сондай-ақ азаматтық сектор өкілеттілігін 80%-ға дейін ұлғайтуды, олардың қызметін материалдық-техникалық камтамасыз етуді қамтиды. Бүгінгі таңда, қоғамдық кеңестер халықты алаңдататын мәселелер бойынша қоғамдық мониторинг, азаматтардың бостандығы мен міндеттері туралы заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау тетіктерін белсене қолданады.
Сонымен қатар, талқылау барысында, қоғамдық кеңестерге қосымша құқық пен өкілеттілік беру туралы сұрақтар қарастырылды. Кеңес қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, олардың қызметтері туралы жыл сайынғы жылдық есептері бұқаралық ақпарат құралдарында және тиісті мемлекеттік мекемелердің сайттарында жариялау туралы міндеті ұсынылды.
Кездесу қатысушылардың ойынша, көрсетілген және басқа да ұсынылған заңнамалық өзгерістер қабылданған жағдайда, қоғамдық кеңес институтының тиімділігі арта түседі.
Еске алсақ, осы жылдың қараша айында аталған Министрлік Қоғамдық кеңестердің бірінші республикалық мәжілісін өткізді. Онда кеңес құрамының сапалылығын жетілдіру, олардың қызметтерінің жеке аспектілерін қаржыландыру мәселелері талқыланды. Мәжілістің қорытындысы бойынша, Қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру туралы тиісті шараларды қабылдау ұсынылды. Сонымен қатар, Мәжілістің ұсыныстары ү.ж. 28 қарашасында ҚР Үкімет отырысында қаралды.

Осыған байланысты, Министрлік Қоғамдық кеңестер туралы заңды жетілдіру жөніндегі мәселелерді одан әрі талқылау мақсатында, мүдделі тараптармен бірлесіп, бірқатар кездесулер өткізуді жоспарлауда.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды